💁 Қонақ күткенде қандай салат түрлерін жасасам екен деп отыратын қыз-келіншектер!!! ❄❄❄❄❄ 👇👇👇👇👇👇👇👇👇👇👇👇👇 🎀Төмендегі салат түрлерімен таныс болыңыздар! Керек идеялар!!! Рецептісімен ☝😘😘💗💗 🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄 1) Анар мен қуырылған картоп салаты ✔ Бізге керек өнімдер: ➖ 350-400 гр картоп; ➖ өсімдік майы; ➖ 1/2 анар жемісі; ➖ 2 орташа қияр; ➖ 2 орташа қызанақ; ➖ 200 гр консервідегі жүгері (құрғақ); ➖ 120 мл сметана; ➖ тұз; қара, қызыл бұрыштар; ✔ Дайындау әдісі: ✔ Картопты аршып, тазартамыз жұқа, ұзынша етіп тураймыз. Жуып, майға қуырып аламыз. Дайын болуға жақындағанда тұздайсыз. Қуырылған картопты салфеткаға салып қою керек, артық майынан арылуы үшін. Қиярды майда кубиктерге турайсыз. Қызанақты да дәл солай турайсыз. Қуырылған картопты, қызанақ, қияр мен анар дәндері, жүгеріні ыдысқа салып, қаймақ, тұз және бұрыштарды саламыз. Мұқият араластырамыз. Міне, болды! Өте оңай, дәмді әрі әдемі салат. Көріп отырғаныңыздай анар дәндері салат түсін ашады, тәбетіңізді де. Дегенімен, анар дәніндегі сүйекшелерін ұнатпайтындар табылуы мүмкін. Ол үшін анардың сүйегі жоғын іздестіріп көріңіз, болмаса салаттағы анар көлемін азайтыңыз. (http://vk.com/damditagam) 😋 Асыңыз дәмді болсын! 😋 🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄 2)Краб таяқшасы қосылған салат Енді салатқа керекті: 1 200-300гр. күріш 2 4-5 шт. жұмыртқа 3 2шт. алма 4 Банкідегі жүгері 5 краб таяқшасы 6 «3 желания» майонезі Алдымен күріш пен жұмыртқаны суға асып пісіріп аламыз Дайын болған күрішке жұмыртқа, алма, краб таяқшасын турап, тұздықтарын қосып майонезбен араластырамыз. Міне дайын болды Ас болсын! (http://vk.com/damditagam) 🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄 3)🍍 Ананас салаты 🍍 Құрамы: ➕ 3-4 дана картоп; ➕ 200 гр шұжық; ➕ 150-200 гр ананас (консервіленген); ➕ 3-4 дана жұмыртқа; ➕ 1/2-1 дана пияз; ➕ 1-2 дана алма; ➕ Лимон шырыны, майонез, тұз, қара бұрыш, грек жаңғағы, аскөк. (http://vk.com/damditagam) ✔ Картопты пісіріп, тазалап, ірі үккіштен өткіземіз. Ананас пішінді сопақша келген тәрелкеге картопты жаямыз. Оның үстіне жұқалап майонез құямыз. ✔ Шұжықты текшелеп не ұзыншалап кесеміз де, картоптың үстіне қоямыз. Консервідегі ананасты төртбұрыштап турап, шұжықтың үстіне жайғастырамыз. Үстіне аздап майонез қосамыз. ✔ Одан кейінгі кезек ұсақтап туралған піскен жұмыртқада. Жұмыртқаның үстіне жуаны майдалап турап, тұздап, бұрыштаймыз және майонез құямыз. ✔ Алманы ірі үккіштен өткізіп, лимон шырынын қосамыз. Салатты алмамен көмкерген соң, майонез қосып, оның үстіне жаңғақтарды қойып шығамыз. Дайын болған салатты 1 сағат көлемінде тоңазытқышқа қоямыз. Дастарханға ұсынар кезде аскөкпен не жуа сабағымен сәндейміз. (http://vk.com/damditagam) 🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄 4)Под шубой салаты Салат құрамы: Селедка – 300г Картоп – 300г Қызылша – 300г Сәбіз – 150г Майонез – 200г Тұз дәміне қарай 🔜Салат дайындалуы суретімен: Қызылша, картоп, сәбіз барлығын қайнатып аламыз. Піскен соң сыртын тазалап суытамыз. Пиязды тазалаймыз да майдалап тураймыз. Селедканы тазалап, майдалап тураймыз. Картоп, сәбіз, қызылшаны үкіштен өткіземіз. Тарелкамызды алып, үкіштен өткізілген картобымызды дөңгелектеп формасын келтіріп салып бетіне майонез құямыз. Картоп үстінен селедканы саламыз, пияз бен сәбізді салып бетіне майонез жағып, оның үстінен қызылшаны саламыз. Дайын салатымызды аскөкпен және де өз қалауыңызша сәндеуіңізге болады. (http://vk.com/damditagam) 🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄 5) Жаңа жылдық салат 2016 Салаттың құрамы: ◾Майшабақ(селедка)-1шт ◾Сәбіз-1үлкен ◾Қызылша-1шт орташа ◾Картоп-2дана ◾Жұмыртқа-3дана ◾Пияз-1дана ◾Майонез-250гр ◾Аскөк (http://vk.com/damditagam) Салаттардың дайындалуы: 1.Қызылша, жұмыртқа, сәбіз, картопты барлығын қайнатып дайындап аламыз. 2.Майшабақты тазалаймыз. 3.Қайнап дайын болған қоспаларды суытып барлығын үкіштен өткіземіз.Пиязды майдалап тураймыз. 4.Ыдысты алып барлығын саламыз. Бірінші картоп майонез, майшабақ майонез, майдалап туралған пияз майонез, үкіштен өткізілген жұмыртқаны саламыз үстінен майонез, сәбіз майонез, ең бетінен қызылша майонезді жақсылап жағамыз. 5. Бетін өз қалауыңызша әсемдеуіңізге болады. 🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄🎄 6) ❄ АЯЗ-АТА КЕЙПІНДЕ САЛАТ ❄ ✔ Құрамына: ➖ Әліби салаты немесе кез-келген. ➖ 50-100 гр қатты ірімшік (сары түсті) ➖ 150-200 гр ірімшік (ақ түсті) ➖ 1 үлкен емес пісірілген сәбіз ➖ кішкене піскен қызылша ➖ 2 қара маслина ➖ 1 қызыл алма (қызанақ) ✔ Дайындау жолы: ✔ Кішкене қызылша мен сәбізді майда үккіштен өткізіп араластырамыз. Қызылша сәбізден аздау болғаны жөн. Тұздап, бұрыштап, сәбіз бен қызылша «достасып» кетуі үшін біраз уақытқа «оңаша» қалдырамыз. ✔ Екі түсті ірімшік. Оларды майда үккіштен өткізіп қойыңыз. Дөңгелек, біркелкі жәйпек тарелкаға оливье салатын жинақы орналастырып шығыңыз. Ортасына сары түсті ірімшікті сеуіп шығамыз. Қызылша-сәбізді қоспамен Аяз Атаның баскиімін жасаймыз. ✔ Ал ақ ірімшікпен сақал-шашын жасап шығамыз. Маслинамен көздерін, алмамен (қызанақ) мұрын-аузын жасап шығамыз. Ал баскиімнің дөңгелегін ақ ірімшікке аз ғана майонез араластыру арқылы жасап аламыз. Аяз Ата салатымыз ?6?

Теги других блогов: салат рецепт ананас краб анар